Бірлестік делегаттары Ресей текстиль және жеңіл өнеркәсіп инновациялық орталығында болып, оның қызметімен, былғары өнеркәсібі саласындағы жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерімен және инновациялық әзірлемелерімен танысты. Кездесуде серіктестікте былғары өнеркәсібі саласында зертхана сынақтарын жүргізу, салаға инновациялық шешімдер әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесінде орталықтың мүмкіндіктерін пайдалану болашағы қаралды.
Өзбекстанда былғары өнеркәсіп саласында инновациялық технопарк құру мәселесінде орталық тәжірибесі зерделенді. Диалог барысында елімізде жоқ өлшемдерді енгізу бойынша практикалық және әдістемелік нұсқауларды әзірлеуге келісілді.
Құрылуы жоспарланған технопарк бірінші кезекте өнеркәсіп саласында қызмет көрсетіп жатқан кәсіпорындарға өнімнің сапасын сынаудан өткізу, жаңа үлгілерді жасауда инновациялық әзірлемелерді ұсыну, мамандардың біліктілігін арттырумен, ғылыми зерттеулер жүргізуге көмектесумен айналысатын болады.
Көрме аясында аяқ киімге арналған желім мен ПУ шығаратын Ресейдің «Shtark Chemicals» кәсіпорнымен келіссөздер жүргізілді. Онда бүгінде елімізге әкелініп жатқан кейбір түрдегі желім шикізатын жеткізіп беруде алғашқы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Ўзчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.