Өзбекстан Мемлекеттік спорт академиясы құрылады

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстанның Мемлекеттік спорт академиясының қызметін ұйымдастыру іс-шаралары туралы» қаулысы (ПҚ-197-санды, 28.05.2024 ж) қаулысы қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, Жоғары спорт шеберлігі институты негізінде Өзбекстан Мемлекеттік спорт академиясы (Академия) құрылады.

    Төмендегілер 2025/2026 оқу жылынан бастап Академияға құзырына өткізіледі:

    Исламдық білім және спорт ғылыми-зерттеу институты;

    Дене шынықтыру және спорт мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институты және оның тиісті филиалдары.

    Спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген елдердің жетекші жоғары спорттық-білім беру ұйымдарының тәжірибесіне сүйене отырып, заманауи кадрларды даярлау Академияның негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіленді.

    Академия жүйесінде мемлекеттік мекемесі формасындағы Мелекеттік спорт медицинасының ғылыми-практикалық орталығы құрылады.

    Мемлекеттiк спорт медицинасы ғылыми-практикалық орталығы спорт медицинасы саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын, спорт түрлері бойынша Өзбекстан ұлттық құрама командаларының мүшелерiн медициналық жағынан жарыстарға даярлауды ұйымдастыратын мемлекеттiк медициналық мекеме болып табылады.

    Спортшыларға шет тілдері мен Өзбекстан тарихын тереңдетіп оқыту мақсатында Академия құрылымында Ақпараттық-кітапхана орталығын қамтып заңды тұлға мәртебесіне ие емес Өзбекстан тарихы мен шет тілдерін оқыту орталығы құрылады.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates