Өзбекстан делегациясы Сарапшылар кеңесінің мәжілісі мен халықаралық форумға қатысты

    Сенаттың Арал өңірін дамыту мәселелері және экология комитетінің төрағасы Б. Алиханов басшылығындағы Өзбекстан парламенттік делегациясы өткен аптада Санкт-Петербургте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Экология және табиғаттан пайдалану жөніндегі сарапшылық кеңестің жиналысына және «Таулы аймақтардың тұрақты дамуы» халықаралық форумына қатысты.

    Сарапшылар кеңесінің жиналысында кеңес қызметінің бағыттары, мұнай өндіру мен мұнай қайта өңдеуге қатысты экологиялық проблемалар талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді. «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» үлгі заңдар зерделенді. Жастарға қатысты экологиялық саясатты дамыту және ТМД ПА-ның нормативтік құқықтық құжаттары талқыланды.

    Достастық елдері парламенті мүшелері, ғалымдар мен сарапшылар тарапынан қоршаған ортаға зияны жинақталған нысандарды пайдаланудан шығару, оларды жою жолдарын, өңірлердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де талқылады.

    Олий Мажлис Сенатының Арал өңірін дамыту мәселелері және экология комитетінің төрағасы Б. Алиханов өз баяндамасында ұлттық заңдылықты жетілдіру бағытында елімізде жүзеге асырылып жатқан істер туралы толық мәлімет берілді. Бұл тұрғыда республикада заманалық талаптарға жауап беретін мықты заңдылық база құрылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін реттейтін 30-дан астам заң және 250-ге жуық нормативтік құқықтық құжат бар.

    Сонымен қатар, жаңа редакциядағы Өзбекстан Республикасы Конституциясында әр адам қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы сенімді ақпаратқа ие болу құқығы, қоршаған ортаға қамқорлық жасау міндеттері, жер, жер асты байлықтары, су, өсімдік және жануарлар әлемі сондай-ақ тағы басқа табиғи ресурстардан тиімді пайдалану қажеттiлiгi және олар мемлекеттiк қорғауда екені туралы нормалар енгiзiлген.

    Кездесу қатысушыларына Өзбекстанда қоғам өмірінің барлық салаларында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар туралы ақпарат берілді.

    Сондай-ақ еліміздің парламентінің депутаттары «Таулы аймақтардың тұрақты дамуы» халықаралық форумының екі жалпы мәжілісі мен тақырыптық дөңгелек үстел сұхбатына да қатысты. Онда мемлекеттік саясатты қалыптастыру, басқару және таулы аймақтарды тұрақты дамыту саласындағы заңдылықты жетілдіру мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ, Форумда қоршаған ортаны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, таулы аймақтардың биоалуантүрлілігін сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін қолдау және дамыту, таулардағы табиғи апаттық жағдайлардың қаупін азайту және тау ресурстары мен энергия көздерінен пайдалануға байланысты экологиялық-шаруашылық қатынастарды оңтайландыру мәселелері қаралды.

    Шараға қатысушылар таулы аймақтардағы экологиялық проблемаларды шешудің ғылыми-практикалық мәселелерін зерттеуге жастарды кеңінен тарту, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік зерттеулер жүргізу мақсатында ғылыми жұмыстардың толық көлемін зерттеу үшін Халықаралық жастар экологиялық орталығын құруды ұсынды.

    «Ғылым таулар үшін» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде сұхбатында Орталық Азияда болатын проблемаларды кешенді шешу, тау экотуризмдердің табиғи мүмкіндіктерін қорғау және олардан тиімді пайдалану мақсатында сенатор Б. Алиханов бірқатар ұсыныстар жасады және олар барлық қатысушылар тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Халықаралық форумның қорытындысы бойынша қорытынды резолюция қабылданды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates