Өзбекстан қорғаныс министрі Беларусь әскери делегациясын қабылдады

    Әскери шекара 18 Noyabr 2021 1091

    Бүгін, 18 ноябрьде Өзбекстан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Баходир Курбанов Беларусь қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренин бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесуде қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы талқыланып, алдағы жоспарлар белгіленді. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.

    Кездесу соңында Өзбекстан мен Беларусь қорғаныс министрліктері арасында әскери салада ынтымақтастық бойынша 2022 жылға арналған бірқатар шараларды қамтитын келісімге қол қойылды.

    Содан кейін қонақтар астанамыздағы «Ғалаба боғи» мемориалдық кешенінде болып, «Матонат мадхияси» ескерткішіне гүл шоғын қойып, бақ ішіндегі «Шон-Шараф» мұражайындағы жәдігерліктермен танысты. Саяхат барысында бүгінгі жарқын, бейбіт те тыныш өмірімізді қамтамасыз ету жолында қажымас қайрат пен ерліктің үлгісін көрсеткен, Отан үшін жанын пида еткен батыр ата-бабаларымыздың ерлігі туралы айтылды.

    Мәлімет үшін, Беларусь әскери делегациясының іссапары барысында Қарулы Күштер академиясына, Қорғаныс министрлігінің «Шымған» таулы оқу-жаттығу орталығына, Шыршық жоғары танк қолбасшылық-инженерлік училищесіне баруы жоспарланған. Қонақтар ертең Бұхара қаласына да баруы күтілуде, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates