Өзбекстанның Қорғаныс министрі Қазақстанның Қорғаныс министрі басшылығындағы делегацияны қабылдады

    Өзбекстан Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Баходир Қурбанов ресми сапармен келген Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған делегацияны қабылдады.

    Алдымен қонақтарды құрметті қарауылдың қатысуымен ресми қарсы алу шарасы өтті. Әскери оркестрдің орындауында екі елдің әнұраны шырқалды.

    Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратында өткен екіжақты ынтымақтастық кездесуінде генерал-лейтенант Баходир Қурбанов қазақстандық әріптесін Өзбекстанға жасаған сапарымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында екі ел арасында орнатылған достық әскери қарым-қатынастың енді ғана жақсы дамып келе жатқанын атап өтті.

    Сонымен қатар, Өзбекстан қорғаныс министрі екіжақты ынтымақтастықтағы қол жеткізілген жетістіктерге тоқталып, өзара достық қарым-қатынастар өзбек-қазақ байланыстарды жаңа стратегиялық серіктестік басқышқа көтеріп, одақтастық қарым-қатынастар нығайып жатқанын тілге тиек етті.

    Екі елдің қорғаныс министрлері әскери салада қол жеткізілген жетістіктер мен алдағы уақытта жүзеге асыруды жоспарлап отырған мәселелер туралы және ынтымақтастықты жалғастырудың болашақтағы ұсыныстарын жасады.

    Кездесуден кейін Қазақстан Республикасының әскери делегациясы Өзбекстан Қорғаныс министрлігімен «Жеңіс бағына» барып, «Матонат мадҳияси» жәдігерлік кешеніне гүл шоғын қойды. Онда “Шон-шараф” мұражайының қызметімен танысты.

    Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates