«Өзбекстан мұнайы мен газы – OGU 2024» 26- халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады

    Қазіргі уақытта Энергетика апталығының басты оқиғасы – «Өзбекстанның ұлттық стратегиясына сәйкес энергетикалық саясатты үйлестіру» жалпы сессиясы болып өтуде.

    Бұдан кейін талқылаулар G2B және B2 кездесулері аясында жалғасады.

    Үш күн барысында төмендегі маңызды энергетикалық шаралар өткізіледі:

    - 26- «Өзбекстан мұнайы мен газы - OGU 2024» көрме-конференциясы.

    - 17- Халықаралық «Энергетика, энергияны үнемдеу, баламалы энергия көздері – Power Uzbekistan 2024» көрмесі.

    - 4- Халықаралық энергетикалық конференция.

    - G2B және B2B кездесулері.

    - «Youth Energy Congress» аясындағы іс-шаралар.

    - екіжақты құжаттарға қол қою рәсімдері.

    Энергетика апталығының шараларын қамтыған 450 компания мен брендтер, 50 спиикер, модератор және 1200-ден астам делегаттарды құрайды. Бұл іс-шараларға деген үлкен қызығушылық қатысушылардың кең географиясын да белгілеп берді. Атап айтқанда, Австрия, Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Корея, Монако, Нидерланд, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Сингапур, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария, Жапония сияқты жалпы 31 ел қатысады.

    Сондай-ақ, мұнай-газ және энергетика секторындағы жастар марафоны – «UNG-YOUTH MARAFON» , «Заковат» интеллектуалдық ойыны, бейнероликтер байқауы, «Кувват» 3D анимациялық мультфильмдер сериалының тұсаукесері, мамандардың IT әлеуетінің хакатоны, ең үздік стартаптар және инновациялық ұсыныстардыңжеңімпазын марапаттау рәсімдері өткізіледі, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates