Сауд Арабиясында 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Азия чемпионатының 1- тур сайысы жалғасуда.

С тобында Өзбекстан Ливанмен кездесіп, жеңіске жетті. Равшан Хайдаровтың командасы сапында Амирбек Саидов, Равшан Хайруллаев және Сардор Бахромов гол соқты. Ливандықтар екі гол соғып, есептегі айырмашылығын қысқартты.

Бұған дейін топтағы бірінші ойында Оңтүстік Корея мен Иран құрамалары 0:0 есебімен тең түскен болатын.

Өзбекстан жастар құрамасы 2- турды 10 январь күні ирандық теңдестерімен өткізеді.

23 жасқа дейінгі Азия кубогы. С тобы. 1-тур

Өзбекстан — Ливан 3:2

7 январь. Эр-Рияд

Голдар: Амирбек Саидов (24), Равшан Хайруллаев (50), Сардор Бахромов (57) — Леонардо Шахин (65, 90+5).

Өзбекстан — Самандар Муратбаев, Бехруз Каримов (Мухаммадбобур Каримов, 74), Ғиёс Ризақулов, Дилшод Абдуллаев, Саидхан Хамидов, Нұрлан Ибраимов (Азизбек Тулқинбеков, 86), Равшан Хайруллаев (Рустам Фомин, 90+6), Сардор Бахромов (Дилшод Муртозаев 86) Амирбек Саидов (Абдуғофур Хайдаров, 74), Сайдумар Саиднуруллаев, Асилбек Жумаев.