Кездесуде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Өзбекстан мен АҚШ арасындағы көпқырлы қарым-қатынастардың тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы жылдары өзара тауар айналымы төрт есеге артып, шамамен 1 миллиард долларға жетті. Қазіргі таңда Өзбекстанда АҚШ-тың 300-ден астам компаниясы табысты қызмет атқаруда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және инновациялар салаларында ірі бірлескен кооперациялық жобалар жүзеге асырылуда.
Сауда байланыстарын нығайту, өңіраралық ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін қалыптастыру және үйлестіру кеңесін құрудың екі тарап үшін де тиімді екені атап өтілді.
Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. АҚШ-тан соя мен мақта жеткізу, сондай-ақ американдық заманауи тамшылатып суару технологияларын енгізу жөнінде алғашқы келісімдер жасалған.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды қолдау мақсатында инвестициялық платформа құру арқылы практикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.









