Кездесу басында жоғары мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Александр Лукашенконың шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Беларусь арасындағы көпқырлы серіктестік қатынастарын одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.
Әсіресе сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді. Өткен жылы тауар айналымы 25 пайызға өсіп, шамамен 1 миллиард долларға жетті. Басым салалардағы жетекші компаниялар арасындағы кооперация да кеңейіп келеді.
Машина жасау, электротехника, фармацевтика, тоқыма және азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және өзге де бағыттарда бірлескен жобаларды ілгерілету арқылы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыру қажеттігі атап өтілді.