Өзбекстан Президенті Бельгия Королімен кездесті

    Брюссель қаласына ресми сапар аясында Лакен сарайында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Бельгия Королі Филипптің кездесуі өтті.

    Сұхбат барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасылды.

    Король Филипп Өзбекстан басшысының Еуропа Одағы жетекшілерімен өткен келіссөздерінің нәтижелерін жоғары бағалап, Өзбекстан Президентін Еуропа Одағымен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы тарихи келісімге қол қойылғанымен шынайы құттықтады.

    Өзбекстан мен Бельгия арасындағы қатынастардың дәйекті дамып келе жатқаны атап өтілді. Министрлер деңгейіндегі байланыстар жолға қойылып, саяси консультациялар тұрақты түрде өтіп келеді. Екі ел парламенттерінде достық топтары құрылған.

    Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық нығайып келеді. Ташкент пен Кортрейк, сондай-ақ Самарқанд пен Льеж қалалары арасында бауырластық байланыстар орнатылған. Кортрейк қаласында ұлы ғалым Әбу Әли ибн Синаның бюсті ашылды.

    Өзара тауар айналымының көлемі артып, бельгиялық компаниялар Өзбекстанда, әсіресе тоқыма, логистика және қызмет көрсету салаларында табысты жұмыс жүргізуде. Өткен жылы Ташкентте Бенилюкс елдерінің Сауда палатасы ашылды.

    Кездесу барысында бельгиялық кәсіпкерлердің Өзбекстанға сапарларын ұйымдастыру және мәдени іс-шараларды өзара өткізу маңызды екені атап өтілді.

    Кездесу соңында Өзбекстан басшысы Король Филиппті Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақырды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates