Өзбекстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысады

    Саясат 19 Sentabr 2025 4062

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясы аясындағы шараларға қатысу үшін 20–24 қыркүйек күндері жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласында болады.

    Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталастардың алғашқы күні сөз сөйлейді.

    Айта кету керек, Бас Ассамблеяның биылғы мерейтойлық сессиясында жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, БҰҰ жүйесі мен халықаралық қаржы архитектурасын реформалау, климаттың өзгеруі салдарымен және өзге де заманауи қатерлермен күресуге қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

    Саммит шеңберінде Өзбекстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ беделді халықаралық қаржы институттарының жетекшілерімен келіссөздер өткізеді.

    Сапар бағдарламасында АҚШ-тың жетекші компаниялары мен қаржылық-инвестициялық құрылымдарының өкілдерімен кездесулер де қарастырылған. Сонымен қатар жаңа келісімдер мен шарттар топтамасына қол қойылуы күтіліп отыр.