Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің жылы лебізі мен сәлемін жеткізді.
БҰҰ институттарымен, атап айтқанда, Арнайы өкілдің кеңсесімен балалардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы көпжақты серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Арнайы өкіл Өзбекстан Президентінің балаларды кез келген зорлық-зомбылықтан қорғау, әйелдер мен балаларды қақтығыс аймақтарынан қайтару, сондай-ақ бала еңбегіне шектеу қою бойынша жүргізіп жатқан тиімді реформаларын жоғары бағалады.
Кездесуде балалардың құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық құжаттарды әзірлеу, ұлттық заңнаманы және балалар құқығын қорғауға жауапты мекемелердің қызметін жетілдіру бағытында өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, Ташкент қаласында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған өңірлік конференцияны өткізу, сондай-ақ БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде Өзбекстан тәжірибесімен бөлісуге арналған дөңгелек үстел ұйымдастыру мәселелері қаралды.