Мемлекет басшылары әлемдегі ең ірі музейлердің бірі саналатын, бірегей өнер туындылары мен мәдени мұралар шоғырланған экспозициямен танысты. Сапар барысында Ресей мен Еуропа тарихы мен көркемдік мұрасының негізгі кезеңдерін бейнелейтін Бас музей кешенінің залдарымен танысты.

Делегация басшылары Александр залында болып, көркем күміс бұйымдар экспозициясын тамашалады, сондай-ақ салтанатты рәсімдер мен ресми іс-шараларға арналған Пикеттер залы мен Гербтер залына барды.

Қымбат бағалы металдардан жасалған бірегей жәдігерлер сақталған Алтын қазына, сондай-ақ аңызға айналған «Тауыс» механикалық сағаты орналасқан Кіші Эрмитаждың Павильондар залы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сапар барысында мәдени байланысты нығайту, тарихи мұраны сақтау және Достастық елдері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту маңызды екені атап өтілді.