Сапар аясында Улан-Батор қаласында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізу жоспарланған.
Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қаралады.
Сауда айналымын ұлғайту мен оның аясын кеңейту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тау-кен, көлік салаларында бірлескен жобаларды ілгерілету, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру күн тәртібінде болады.
Саммит қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.