Кездесуде аталмыш корпорациямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. «General Motors International» компаниясының Өзбекстандағы автомобиль өнеркәсібін дамыту мен әртараптандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Соңғы бес жыл ішінде компания 1,6 миллион дана автокөлік өндірді. Өзбекстан «Chevrolet» бренді үшін АҚШ-тан кейінгі екінші ірі нарыққа, сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД елдері нарығында сату көрсеткіші бойынша көшбасшыға айналды.
Өндірістік кооперацияны одан әрі дамытуға, өнім түрлерін кеңейту мен жергіліктендіру деңгейін тереңдетуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, заманауи машина жасау саласында сұранысы жоғары жаңа технологиялар мен шикізат ресурстары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырудың келешегі талқыланды.









