Кездесу барысында Өзбекстанның аталмыш беделді құрылыммен практикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.
Тони Блэр Жаңа Өзбекстанды қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан реформалардың барысы мен ауқымына жоғары баға беріп, оларды одан әрі ілгерілету аясында қажетті сараптамалық және кеңестік қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар, экономика салаларына ірі стратегиялық инвесторларды тарту, технологиялық жаңғырту, цифрландыру және жасанды интеллект енгізу үдерістерін жеделдету, сондай-ақ басым бағыттар бойынша бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру — екіжақты әріптестіктің негізгі бағыттары ретінде атап өтілді.
Айта кету керек, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр 2016 жылы негізін қалаған бұл институт халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады. Ол түрлі елдерге тұрақты әрі инновациялық даму үлгілерін жасауға, климаттың өзгеруі мен өзге де заманауи қауіп-қатерлерге қарсы күресте қолдау көрсетуге бағытталған.