Өзбекстан Президенті «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 30 мамыр күні Астана қаласында өтетін «Орталық Азия – Италия» форматындағы жоғары деңгейдегі саммитке қатысады.

    Іс-шараға өңір елдерінің басшылары және Италия Премьер-Министрі қатысады деп жоспарланған.

    Күн тәртібіне сәйкес, көпқырлы ынтымақтастықты, ең алдымен «жасыл» экономика, инвестициялар, инновациялар, ғылым және білім салаларында одан әрі дамыту мәселелері талқыланатын болады.