Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитінің негізгі шараларына қатысады.
«Аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбында өтетін жиын күн тәртібінде басым салалардағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері қарастырылады.
Саммит қорытындысында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы іс жүзіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттар қабылданады.









