Премьер-министр Шахбаз Шариф Мемлекет басшысына осыған қатысты сертификатты табыстады.

Аталған атақ Өзбекстан көшбасшысына әлеуметтік-экономикалық және білім беру саласындағы реформаларға, елді жүйелі модернизациялауға, ғылым мен технологияларды дамытуға, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

Марапаттау рәсімінде Шавкат Мирзиёев Пәкістан Премьер-министрі, университет басшылығы және академиялық қауымға жоғары атақ үшін ризашылығын білдіріп, білім саласындағы байланыстарды одан әрі нығайту және жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлау маңызды екенін атап өтті.

1991 жылы құрылған Ұлттық ғылым және технологиялар университеті ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызмет, магистр және докторларды дайындау, сондай-ақ өнеркәсіп пен экономиканың қажеттіліктеріне бағытталған тәжірибелік зерттеулерді өзінде қамтитын оқу орны ретінде ерекшеленеді.