Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Алдағы екіжақты кездесулер мен көпжақты іс-шаралар жоспары да қаралды.
Сондай-ақ сауда, өнеркәсіптік кооперация, тиімді логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, мәдени алмасу сынды басым бағыттарды қамтитын екіжақты практикалық ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.