Өзбекстан Президенті ресми сапармен Словенияға келді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Словения Республикасының Президенті Наташа Пирц Мусардың шақыруымен ресми сапармен Любляна қаласына келді.

    Әуежайда Мемлекет басшысын Словения Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Таня Файон және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

    Йоже Пучник атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.

    Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан Президенті Словения Президенті Наташа Пирц Мусармен келіссөздер өткізеді, елдің парламенті мен үкімет басшылығымен кездеседі, сондай-ақ бірлескен бизнес форумға қатысады.

    Келіссөздер барысында өзара тиімді сауда-экономикалық серіктестікті дамыту, өнеркәсіп, фармацевтика, электр техникасы, «жасыл» энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында кооперациялық жобаларды жүзеге асыру, еңбек көші-қоны және гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері қарастырылады.