Өзбекстан Президенті ресми сапармен Қытайға барады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз күні ресми сапармен осы елге барады.

    Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады.

    Жиын барысында ШЫҰ аясындағы көпқырлы ынтымақтастықты басым бағыттар бойынша дамыту және ұйым қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады.

    Оның қорытындысында Тяньцзинь декларациясы, бірқатар ортақ құжаттар мен шешімдер қабылдануы жоспарланған.

    2 қыркүйек күні Өзбекстан басшысы Бейжіңде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ шетелдік делегация басшыларымен және Қытайдың іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізеді.

    3 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates