Өзбекстан Президенті Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады

    16 шілде күні Ташкенттегі халықаралық конференция аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

    Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту және сан қырлы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

    Ресей Сыртқы істер министрі Мемлекет басшысына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Осы кездесу барысында, алдағы жоғары деңгейдегі саммитке дайындық көру, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілетуге, әсіресе сауда-экономикалық және мәдени салаларға ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, тараптар Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуі аясында аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates