Сұхбат басында екі ел көшбасшылары бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Тараптар Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленісті жағдай мен қақтығыстардың күшеюі елеулі алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.

Мұндай әрекеттердің ушығуына жол бермеу және оларды толық тоқтату тек аймақ елдерінің ғана емес, жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаттарына да сай келетіні айтылды.

Мемлекет басшысы осындай сын-қатерлі кезеңде елінің Өзбекстан Сауд Арабиясы басшылығы және бауырлас халқымен бірлікте екенін айтып, Корольдіктің байсалды әрі парасатты саясатын жан-жақты қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Өзбекстан Президенті қазіргі уақытта осы елде ұмра қажылығын өтеп жатқан отандастарға көрсетіліп жатқан практикалық көмек пен жасалған қолайлы жағдайлар үшін Жоғары мәртебелі Корол Салман бен Абдулазиз Әл Саудке және Тақ мұрагеріне ерекше алғыс айтты. 

Өз кезегінде Мұхаммед бен Салман Әл Сауд Өзбекстан Президентінің жылы лебізі мен достық қолдауын жоғары бағалайтынын атап өтті. Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін жоғары деңгейдегі диалогты және үйлестірілген бірлескен күш-жігерді жандандыруға келісті.