Сапар барысында Каспий теңізінің батыс жағалауында орналасқан бұл ірі халықаралық туристік орталықтың жұмысы жайлы таныстырылым өтті.
Мемлекет басшысына мұнда жасалған жағдайлар демалыс аймақтары, жағажайлар, спорт алаңдары, қонақ үйлер, коттедждер мен тұрғын үй кешендері туралы мәлімет берілді.
Аталған жоба заманауи «Каспий Ривьерасы» ретінде қалыптасқан. Курорт шамамен 500 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда ұзындығы 6,5 шақырымға созылатын жағажай аймағы, 150 гектарлық жасыл кеңістік пен демалыс нысандары бар. Сонымен қатар 700 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылған.









