Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонның ел тәуелсіздігін нығайтудағы, тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі және халықаралық беделін арттырудағы рөлін, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.
Жоғары деңгейде қабылданған келісімдерді жүзеге асыру аясында жан-жақты әріптестікті кеңейтуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Сауда, өнеркәсіптік кооперация, транспорт, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдени-гуманитарлық алмасу сынды басым бағыттарды қамтитын іс жүзіндегі ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға айрықша көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, екі елде өтетін жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты іс-шаралардың жоспары мен күн тәртібі де қаралды.








