Өзбекстан Президенті Түркіменстанға келді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Мәслихатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен жұмыс сапармен осы елге келді.

    Түркіменбашы қаласының әуежайында Мемлекет басшысын Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Нокергули Атагулиев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

    Бүгін Өзбекстан басшысы «Әзербайжан – Түркіменстан – Өзбекстан» форматындағы үшжақты кездесуге қатысады және екіжақты келіссөздер өткізеді.