баннер
5 Apr 2025
23:33

    Өзбекстан Президенті мен Еуропа Одағы басшылары бірлесіп ағаш отырғызды

    Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен ағаш отырғызу рәсімі өтті.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Еуропа кеңесінің Президенті Антониу Кошта және Еуропа комиссиясының Президенті Урсула фон дер Ляйен Самарқанд қаласындағы Конгресс орталығының аллеясында екі емен көшетін отырғызды.

    Бұл ағаш отырғызу рәсімі Өзбекстан мен Еуропа одағы арасындағы достық, көпқырлы ынтымақтастық пен әріптестіктің нығайып келе жатқанын бейнелейтін символдық белгі болды.

    Мы в Телеграм
    Text to speech