Өзбекстан Президенті мен Италия Премьер-Министрі ағаш екті

    Саясат 29 May 2025 2971

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони Конгресс орталығының саябағында бірге емен ағашын отырғызды.

    Бұл рәсім — екі ел халықтары арасындағы достықтың, Өзбекстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мен нығайтуға деген берік ниеттің символы болды.

    Жоғары мәртебелі қонақ сапарын Самарқандтағы тарихи ескерткіштерді тамашалау арқылы жалғастырды.

    Мемлекет басшысы Самарқандтағы сапарын аяқтап, Ташкентке қайтып оралды.