Мемлекет басшысын Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг пен өзге де ресми тұлғалар салтанатты түрде қарсы алды.
Екі елдің желбіреген жалауларымен безендірілген «Буянт-Ухаа» әуежайында жоғары мәртебелі меймандар құрметіне Құрмет қарауылы сап түзеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін жоғары деңгейдегі Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы келіссөздер өтеді.












