Пәкістанның әуе кеңістігінде жоғары мәртебелі мейманның ұшағына осы елдің Әскери-әуе күштерінің ұшақтары қапталдасып ұшты.
«Нурхан» әуежайында Мемлекет басшысын Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Премьер-министр Шахбаз Шариф және өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.
Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін Қорғаныс күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Қарулы күштердің Құрлық әскерлері қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирмен, сондай-ақ Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөздер және Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы өтеді.
Ал 6 ақпан күні Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен кездесу және Өзбекстан – Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.