баннер
2 Apr 2025
00:50

    Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері үшжақты саммит өткізеді

    Үстіміздегі жылдың 31 март күні Тәжікстанның Хужанд қаласында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттерінің қатысуымен тарихта тұңғыш рет үшжақты саммит болып өтеді.

    Бұл туралы 24 февраль күні Қырғызстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Эдил Байсалов Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары бойынша кеңесінің 58-сессиясындағы сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg сайты.

    Сондай-ақ Байсалов өз сөзінде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығының түпкілікті келісілгенін жариялап, бұл оқиғаны «дипломатия мен саяси еріктің тарихи жеңісі» деп атады.

    Алдағы Хужанд саммиті үш ел арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болмақ. Мемлекет басшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаратылған ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

    Үстіміздегі жылдың 21 февраль күні Қырғызстан мен Тәжікстан қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау бойынша қорытынды протоколына қол қойылды.

    Сол кезде бірқатар құжаттардың, соның ішінде мемлекеттік шекара туралы келісімнің, энергетикалық нысандары мен су ресурстары туралы үкіметтер арасындағы келісім, көше қиылыстарындағы автомобиль жолдарын пайдалану және жаңа жолдар салу туралы келісімдердің дайындалғаны хабарланды.

    Құжаттар екі ел президенттерінің қол қоюына даярлаған.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech