Өзбекстан-Қазақстан шекарасында кедендік терминал ашылады

    Нөкіс қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан «Дәуіт Ота» шекара посты аумағында салынып жатқан кеден терминалының құрылысы аяқталуға жақын қалды.

    Қазіргі уақытта негізгі құрылымдық жұмыстар аяқталып, әрлеу жұмыстары және ішкі инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары аяқталуда. Құрылыс үдлерістеріне 150-ден астам құрылысшы мен 30-дан астам арнайы құрылыс техникасы жұмылдырылған.

    Кеден комитетінің мәліметінше, 6 гектар аумақты алып жатқан терминал заманауи тексеру және қайта өңдеу қондырғыларымен жабдықталған.

    «Терминал құрамында келешекте кеден, фитосанитариялық, ветеринариялық және тағы басқа да тиісті бақылау органдарының ресімдеу орталығы, тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыруға арналған қойма, кедендік тексеру алаңы, 350 адамға дейін сыятын темірбетонды автотұрақты қамтиды, жүргізушілер үшін қонақүй мен асхана, көліктерге техникалық қызмет көрсету дүңгіршіктері қызмет көрсетеді, деп айтылған хабарламада.

    Шекара өткізу бекетінің ашылуы Қоңырат-Бейнеу автожолы құрылысының аяқталуымен тұспа-тұс келді. Осыған орай, бұл «Дәуіт ата» арқылы жүк тасымалдау көлемін арттыруға қызмет етеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates