Кездесуде Өзбекстан-Қазақстан қарым-қатынастарының өзекті мәселелері, үстем бағыттарда экономикалық серіктестікті тереңдету жолдары, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президентінің өткен жылдың декабрь айында Қазақстан Республикасына сапары барысында қол жеткізілген екіжақты келісімдердің жүзеге асырылуы талқыланды.
Инвестициялық, сауда, транспорт және логистика, сондай-ақ аумақаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету іс-шараларына айрықша тоқталды. Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, саудадағы бар кедергілерді жою және өзбек және қазақ өндірушілердің екі ел базарына шығуын жеңілдетуге қатысты ұсыныстар туралы пікір алысты.
Тараптар соңғы 10 жыл ішінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара тауар айналымының көлемін 5 миллиард долларға дейін жеткізу бойынша «Жол картасының» орындалуын тұрақты түрде талқылау және мониторингі жүргізу үшін сарапшылардан құралған жұмысшы топтардың ынтымақтастығын жандандыруға келісті.
Екі мемлекет аумақтарында біріккен көтерме тарату орталықтары желісін құру бойынша «Жол картасын» өмірге енгізуде кезектегі шаралар жоспарлануда. Бұл бастаманың жүзеге асырылуы Өзбекстан мен Қазақстан өндірушілері арасындағы өндірістік кооперацияны дамытуға қосымша серпін беретіні айтылды.
Сондай-ақ диалогта ерекше жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелерді жан-жақты қарауға, екі тараптың мүддесіне сәйкес келетін шешімдерді әзірлеуге және оларды алға жылжытудың келесі қадамдарын анықтауға мүмкіндік берді.
Кездесу соңында тараптар екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастығы аясында туындайтын барлық мәселелерді жедел шешу үшін тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға және белсенді ынтымақтастық жасауға келісті, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.