Кездесуде тараптар қорғаныс саласындағы өзара мүдделі ынтымақтастық байланыстардың бүгінгі жағдайы мен болашағын талқылап, оны одан әрі күшейту жөнінде пікір алысты.
Атап айтқанда, Қазақстанда өткен «Қалқан-2021» және Өзбекстанда жалғасқан «Хамкорлик-2021» бірлескен оқу-жаттығуларының маңыздылығы, бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мәселелеріне жан-жақты тоқталып өтті.
Келіссөздер барысында бауырлас халықтардың ынтымақтастығы, екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.