Өзбекстан Президенті Франция елшісін қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 14 тамыз күні еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Орелия Бушезті қабылдады.

    Мемлекет басшысы Франция елшісінің жемісті қызметін және елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту мен нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

    Кездесуде жоғары деңгейдегі өзара сапарлар Өзбекстан–Франция ынтымақтастығын сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көтеріп, оның күн тәртібін нақты мазмұнмен байытқа еңбегі айтылды.

    Әр түрлі деңгейде жүйелі диалог пен белсенді байланыстар жолға қойылған. Сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді: соңғы жылдары тауар айналымы 4 есеге артты, Францияның жетекші компаниялары және ұйымдарымен жалпы құны 10 млрд АҚШ долларынан асатын жобалар жүзеге асырылып келеді.

    Білім, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық алмасу салаларында маңызды бағдарламалар іске асуда. Лувр музейі мен Араб әлемі институтында өткен көрмелер жоғары деңгейде өтті.

    Париж қаласы маңында Әбу Райхан Берунидің ескерткіші ашылды. Франция астанасындағы көшеге Самарқанд атауы берілді. Биыл Ташкент қаласында Өзбекстан–Франция университеті өз жұмысын бастайды.

    Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Орелия Бушезке елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Достық» орденін табыс етті.

    Елші ханым өз дипломатиялық миссиясының жоғары бағаланғаны және Өзбекстан мен Франция арасындағы ауқымды ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғаны үшін Мемлекет басшысына шынайы алғыс білдірді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates