Мемлекет басшысы елшінің жемісті қызметін, сондай-ақ Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы жан-жақты серіктестік қатынастарды дамыту мен нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

Түрлі деңгейдегі жүйелі диалог пен белсенді байланыстар жолға қойылғаны атап өтілді. Тауар айналымы, тікелей инвестициялар көлемі және бірлескен кәсіпорындар саны қарқынды өсіп келеді. Сауд Арабиясының жетекші компанияларымен жүзеге асырылып жатқан жобалар портфелі 27 миллиард АҚШ долларынан асты.

«Жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды дамыту және өзге де маңызды салаларда бірқатар жобалар мен бастамалар іске асырылуда.

Мәдени-гуманитарлық алмасулар да жанданды. Биылғы жылдың қазан айында Сауд Арабиясында Өзбекстан мәдениеті күндері жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ еліміз Эр-Риядта өткен Халықаралық кітап көрмесіне қатысты.

Өзбекстан Президенті Сауд Арабиясы Үкіметіне азаматтарымыздың Қажылық пен Ұмра ғибадаттарын өтеуіне жасалған қолайлы жағдайлар үшін алғысын білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Юсуф әл-Утайбиге Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен көпқырлы серіктестік қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Достық» орденін табыстады.

Елші өз кезегінде дипломатиялық миссиясына берілген жоғары баға үшін, сондай-ақ Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты жан-жақты қолдап отырғаны үшін Мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдірді.