Өзбекстан Республикасының Конституциялық сотының өкілеттігі кеңейтіледі

    Ел назарында 24 Noyabr 2023 2719

    Сенаттың қырық жетінші жалпы мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңды сенаторлар талқылады.

    Биылғы жылы елімізде үлкен саяси оқиға – Жалпыхалықтық Референдум өтіп, оның қорытындысы бойынша халқымыздың еркімен жаңа редакциядағы Өзбекстан Республикасы Конституциясы қабылданды.

    Жалпы мәжілісте талқыланған заң да жаңартылған Конституцияға енгізілген нормалар негізінде әзірленді.

    Енгізілген өзгерістерге орай Конституциялық соттың өкілеттігі кеңейтіліп, Өзбекстан Республикасының референдумына шығарылған мәселелердің Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы қорытынды шығару белгіленуде.

    Конституциялық Сот тек өз өкілеттері қатарына кіретін мәселелер бойынша ғана заң шығаруға бастамашылық құқығына ие екендігі көзделген.

    Сонымен бірге Конституциялық соттың судьялары қайта сайлану құқығынсыз он жылдық мерзімге сайлануы күшейтілуде, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Сенаторлар атап өткендей, осы Заңды қабылдау нәтижесінде Конституция мен заңдардың басымдығына және олардың біркелкі қолданылуына қол жеткізілетін болады.

    Талқылаудан кейін Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates