Онда Өзбекстан-АҚШ қарым-қатынасының дамуында жаңа кезең басталғаны атап өтілген. Шавкат Мирзияевтың АҚШ азаматтары үшін визасыз режим енгізу туралы қаулысы іскерлік және гуманитарлық байланыстарды кеңейтудегі маңызды қадам болатыны айтылды.
Енді Президент жарлығымен Америка–Өзбекстан іскерлік және инвестиция кеңесі құрылып, оны үйлестіру мақсатында Өзбекстанның АҚШ-тағы елшілігінің құрылымына елші-кеңесші лауазымы енгізілуде.
Сондай-ақ, осы жарлық негізінде Өзбекстан резиденттері Өзбекстан банктеріндегі есеп-шоттарыннан қаржыларын АҚШ-та кәсіпорын құру, олардың капиталына қатысу немесе филиалдарын қаржыландыру үшін еркін аудара алады.
Бұл кәсіпкерлеріміздің сыртқы экономикалық белсенділігін дамыту, АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, Өзбекстанның ашық, заманауи экономика ретіндегі жаңа имиджін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.









