Өзбекстан Сыртқы істер министрі АҚШ-тағы отандастарымен кездесті

    Сұхбат 26 Sentabr 2022 3945

    Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа сапармен келген Өзбекстан Сыртқы істер министрі Владимир Норов Құрама штаттардың жетекші банктерінде, қорларда, IT-компанияларда, беделді университеттер мен медициналық мекемелерде жұмыс істейтін жоғары білікті отандастарымызбен кездесу өткізді.

    Атап айтқанда, диалогқа “Oppenheimer” банкінің басқарушы директоры Фарход Иногамбаев, «Missed.com» және «Jafton.com» IT-компанияларының негізін қалаушы Бобир Акилханов, «Credit Exim» холдинг компаниясының директоры Дилмуров Асқаров, «New York Life Insurance» сақтандыру компаниясы қызметкері Дилшод Рахмонов, Ernst & Young компаниясының кеңесшісі Камол Мавлонов, “44 Oak Capital” девелоперлік компаниясының негізін қалаушы Фарход Муродов, “ Rx2go” логистикалық компанияның маманы Эркин Саттаров, Сиракуза университетінің докторанты Миржахон Турдиев, Гарвард университетінің докторанты, «Dana Farber» қатерлі ісік емдеу институтының қызметкері Нилуфар Каххорова, Amazon компаниясының бизнесті талдау жөніндегі инженері Шахло Ходжаева, «Betaworks Ventures» қорының инвесторы Зафар Мирзалиев, сондай-ақ «Poetica Coffee» кофе желісінің негізін қалаушы Парвиз Мухамадқулов қатысты.

    Кездесу барысында Өзбекстан үкіметінің шетелде жұмыс істейтін отандастарды қолдап-қуаттау бойынша негізгі үстем бағыттар, олар үшін Өзбекстанда инвестициялық, білім беру, әлеуметтік-гуманитарлық, тағы басқа да жобаларды жүзеге асыру үшін жасалған жағдайлар мен жеңілдіктер туралы ақпарат отандастар назарына ұсынылды.

    Біздің диаспора мүшелері Өзбекстан эмитенттеріне, соның ішінде банктер мен жеке компанияларға техникалық көмек көрсетуді жалғастыруға, сондай-ақ Өзбекстан қаржы секторының өкілдері үшін Вашингтонда институционалдық инвесторлармен кездесулер ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Білім беру саласы бойынша АҚШ университеттерінде өзбекстандық оқытушы мен студенттер үшін тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Өзбекстан мен АҚШ медициналық мекемелері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, клиникалық тренингтер өткізу, емдеу хаттамаларын бірлесіп жетілдіру жолдары талқыланды.

    Өзбекстан жастарын IT-мамандығы бойынша оқытуға, білім беру саласына американдық озық тәжірибені, жаңа әдістемелер мен тәжірибелік бағдарламаларды енгізуге, стартаптарды іске қосуға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу барысында Өзбекстан Президентінің Жарлығымен «Келажак бунёдкори» медалімен марапатталған “Amazon” компаниясының бизнесті-талдау бойынша инженері Шахло Хожаеваға осы сыйлықты тапсыру рәсімі өтті. Ш.Ходжаева Өзбекстан Президентіне терең ризашылығын білдіріп, бұл жоғары марапат үкіметтің шетелдегі қандастарға деген көзқарасының түбегейлі өзгергенінің белгісі екенін атап өтті. Бұл мойындау оны жаңа бастамаларға шабыттандырады және Өзбекстан мүддесін алға тарту жолында одан да белсенді жұмыс істеуге ынталандырмақ.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates