Өзбекстан транспорт минстрі Қазақстан Премьер-минстрімен кездесті

    Өзбекстан транспорт министрі Илхом Махкамов Қазақстан Премьер- министрі Асқар Маминмен кездесті.

    Жақтар транзит және транспорт саласындағы ынтымақтатық болашақтарын, сондай-ақ жүк тасымалдау көлемін көбейту, темір жол автомобиль транспортын дамыту, ірі біріккен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруды талқылады.

    Екі мемлекеттің стратегиялық ынтымақтастығы бүгінде барлық салаларда, сондай-ақ транзит және транспорт саласында жедел дамуда. Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін арттыру үшін транспорт-логистикалық әлеуетін асыру шараларын қарастыруда.

    2021 жылдың январь-май айларында тауар айналымы 46 пайызға артты және 1,5 миллиард долларды құрады. Қазақстанның Өзбекстандағы экспорты 58,4 пайызға өсті. Пандемияға қарамай, Қазақстан мен Өзбекстан ортасындағы жүк тасымалдаудың барлық түрлері көбейген.

    2021 жылдың бірінші тоқсанында контейнер тасмалдаулар 2020 жылдың сол кезеңінмен салыстырғанда 57 пайызға өскен. Үстіміздегі жылдың 6 айында автомобиль транспортында жүк тасмалдау көлемі 18 пайызға өсті және 1,3 миллион тоннаны құрады.

    Жақтар осы жылдың 29 июлінен бастап аптасына екі рет жаңа “Ақтөбе- Нөкіс” рейстерін ашуға келісті. Қазірде Қазақстан мен Өзбекстан ортасында аптасына 32 рейс бар.

    Кездесу барысында жақтар ірі біріккен инфрақұрылым жобаларды жүзеге асыруда “Дарбаза-Мақтаарал” жаңа темір жол линиясын құру, “Түркістан-Шымкент-Ташкент” жүрдек магистрал жолын құру, тағы басқа жоспарларды талқылады.