Кездесу барысында тиімді дипломатия, қарқынды инвестициялық ынтымақтастық, сауда көлемін арттыру және қарым-қатынасты кеңейту мәселелері талқыланды.
«Талқылаулар кең ауқымды болып, ең өзекті мәселелерді шешу және елдеріміз үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, түрлі кедергілерді жою бойынша нақты қадамдарды белгілеп берді. Біздің кездесуіміздің басты нәтижесі халықтарымыздың тұрақты дамуы үшін достығымыз бен ынтымақтастығымызды нығайту жолындағы маңызды қадам болған Анкара декларациясына қол қойылуы болды, — деп жазды басшы өзінің Телеграм арнасында.