Өзбекстан U-17 құрамасы бүгін Панамаға қарсы ойнайды

    Бүгін, 11 ноябрь күні Катарда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Өзбекстан U-17 құрамасы топтық кезеңнің 3-ші турында Панамаға қарсы ойнайды. Кездесу Ташкент уақытымен 18:30-да басталады.

    Ойын алдында Өзбекстан футбол ассоциациясының бірінші вице-президенті Равшан Ирматов турнирде Өзбекстан атынан ойын көрсететін команда өкілдерімен кездесті.

    Кездесу барысында турнирге лайықты қатысуы және команда мүшелерінің рухани және физиалогиялық дайындығы, оларға жасалған жағдай туралы пікір алмасылды.

    Сонымен қатар кездесуде команда мүшелеріне көптеген футбол жанкүйерлері мен қауымдастық тарапынан үлкен сенім артып отырғаны, ұлттық құрама Азия кубогындағыдай бұл жолғы жарыста да жақсы өнер көрсетуі керектігі баса айтылды.

    Сондай-ақ Исламбек Исмаилов команданың жарыста бар мүмкіндікті пайдаланатынын, футболшылар да турнирдің деңгейін сезініп жатқанын айтты. Жаттықтырушылар штабымен команданың қазіргі жағдайы мен алдағы матчтарға дайындық барысы талқыланды.

    Медицина қызметкерлеріне футболшылардың денсаулығы, сауықтырылуы және дәруменділігін қадағалауды, сондай-ақ футболшыларға жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуді жалғастыруды тапсырды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates