U-17 Әлем чемпионаты жеребе нәтижелеріне орай –збекстан жасөспірімдер құрама командасы Парагвай, Панама және Ирландиямен біп топтан орын алды. Жеребе тастау 25 май күні Доха қадасында өткізілді
Өзбекстан алғашқы ойынды 5 ноябрь күні Парагвайға қарсы өткізеді. Олар 8 ноябрь күні Ирландияға қарсы алаңға шығады, топтық кезең 11 ноябрь күні Панамаға қарсы ойынмен аяқталады.
Барлық кездесулер Доха қаласындағы Aspire zone стадионында өтеді.
Жеребе тарту рәсімінен соң команданың бас бапкері Исломбек Исмаилов жарыс және қарсыластар туралы өз ойын білдірді.
«Қарсыластың үшеуі де өз аймағының мықты өкілдері саналады және осы турнирге лайықты түрде жолдама алған. Сондықтан әр бір ойынға айрықша, мұқият дайындаламыз.
Парагвай – Оңтүстік Американың физиологиялық күш, тәртіп пен техниканың үйлесімімен ерекшеленіп тұратын командасы. Олар жекпе-жектен ешқашан бас тартпайды. Панамада CONCACAF аймағында жылдан жылға өсіп келе жатқан футбол мектебі бар. Олардың ойын әдісі жылдамдыққа, қарсы шабуылға және жоғары прессингке негізделген. Ирландия классикалық Еуропа футболының өкілі болып, күшті қалыптасқан ойын және тәртібімен ерекшеленіп тұрады.
Топтағы барлық командалардың мықты екені сөзсіз. Бұл басқышта оңай қарсыластар жоқ. Бірақ біз де Азия чемпионы болғандықтан, бұл жарысқа жай қатысуға ғана емес, кез келген командаға қарсы тұруға, өз әлеуетімізді көрсетіп, еліміздің атын абыроймен қорғауға тырысамыз. Еліміздің туын әлемдік деңгейде биікке көтеріп, футбол жанкүйерлерімен қуанышты бөлісу біз үшін мәртебе», - деп айтты Исламбек Исмаилов.









