Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Мемлекет басшысы Ресей көшбасшысын және көпұлтты Ресей халқын жақындап келе жатқан мемлекеттік мереке – Ресей күнімен шын жүректен құттықтады.

    Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, жоғары деңгейдегі кездесулер аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде көпқырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Өзара тауар айналымының қарқынын сақтау және өнеркәсіптік кооперация жобаларын қолдау мақсатында келісілген шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды.

    Екі елдің өңірлік деңгейдегі белсенді алмасулары мен практикалық ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Сондай-ақ Өзбекстан мен Ресейде мәдени іс-шаралардың тұрақты түрде өткізіліп келе жатқаны айтылды.