Өзбекстан мен АҚШ үкіметтері арасында мәдени мұра туралы келісімге қол қойылды

    Мәдениет 8 Noyabr 2023 806

    2023 жылдың 7 ноябрінде Темурилер тарихи мұражайында Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары үкіметтері арасындағы «Өзбекстан археологиялық және этнологиялық материалдарының санаттарында импортқа шектеулерді енгізу туралы Келісімге» қол қою рәсімі өтті.

    Екіжақты келісімге Мәдени мұра агенттігінің директоры Баходир Абдикаримов пен АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жонатан Хеник қол қойды, деп хабарлайды Мәдени мұра агенттігінің баспасөз қызметі.

    «Бұл келісім Өзбекстан Республикасы мен АҚШ арасындағы мұражай заттары мен мәдени құндылықтардың заңсыз айналымының алдын алу және қайтару бойынша ынтымақтастықты дамыту үшін негіз болып қызмет етеді», - деді Агенттік директоры өз сөзінде.

    Келісімде «Археологиялық және этнологиялық материалдарды талан-тараж жасауға жол бермеу және арнайы тізімге енгізілген заттарды әкелуге шектеу қою» көзделген. Сондай-ақ осы бағытта мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз етіп, екі ел арасындағы материалдық мәдени мұраны насихаттауға бағытталған біріккен көрмелерді өткізуге негіз қаланады.

    «Бүгін тарихи күн, өйткені Өзбекстан Орталық Азиядағы АҚШ-пен мәдени құндылықтар туралы келісімге қол қойған бірінші мемлекет болды. Өзбекстаннан бөлек әлемнің тағы 25 елі АҚШ-пен осындай келісімге қол қойған. Мәдени мұраны, өнер мен өнер туындыларын қорғау оңай шаруа емес. Сондықтан бұл келісім бүгінгі күні өте маңызды қадам болып табылады. АҚШ үкіметі Өзбекстандағы мәдени мұра нысандарын қорғауға және қалпына келтіруге 1 миллион доллар бөлді. Біз Өзбекстанның мәдени мұрасын қорғау және оның бай тарихын әлемге паш етудегі іс-әрекеттеріңізге ынтымақтастық жасау ниетіндеміз», - деді Жонатан Хеник.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates