Өзбекстан мен АҚШ көпжақты ынтымақтастықты кеңейтеді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзияевтың Америка Құрама Штаттарына сапары қарсаңында үстіміздегі жылдың 15 сентябрінде Вашингтонда Өзбекстан-Америка бизнес-форумы өтті. Оған екі елдің тиісті министрліктері мен кеңселерінің, өндірістік бірлестіктердің, коммерциялық банктердің және инвестициялық құрылымдарының басшылары, сондай-ақ АҚШ-тың АКТ, машинажасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, көлік, банк ісі және тағы басқа да салаларда жұмыс істейтін ірі корпорациялардың басшылары қатысты.

    Форумның ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев, Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, Америка-Өзбекстан сауда палатасының басқару төрағасы Керолин Лемм, АҚШ ЭСКИМ-Банк президенті Рета Жо Льюис және Мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары Дас Марк Поммершайм сөз сөйледі.

    Спикерлер өз сөзінде екі ел басшыларының саяси ерік-жігері, үкіметтер мен іскер топтардың тұрақты ынтымақтастығы нәтижесінде өзара сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

    Өзбекстан тарапы экономиканы, сауданы, өнеркәсіпті дамыту және инвестициялық ортаны жақсартудағы маңызды жетістіктерді таныстырды. Атап айтқанда, басқа фактілермен қатар, еркін базар мен салауатты бәсекелестік механизмдері жаратылғаны, кәсіпкерлікті белсенді қолдап-қуаттау, инфрақұрылымды дамыту, энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша реформалар жүзеге асырылғаны, экономикаға мемлекет қатысуының қысқарғаны, сондай-ақ ірі - ауқымды жекешелендіру үдерістері басталғаны тілге тиек етілді.

    Жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында Өзбекстан халықаралық инвесторлар, соның ішінде Американдық инвесторлар арасында инвестиция кіріту үшін тартымды орынға айналды. Бүгінде Өзбекстанда АҚШ-тың 300 компаниясы жұмыс істейді. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Еліміздің экономикасының автожөндеу —“General Motors”, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру J“ohn Deer” , “CNH”, газ өндірісі – Air Products, ауыл шаруашылығы – Silverleaf және тағы басқа салаларда АҚШ компаниялары табысты жұмыс істеп келеді.

    Сонымен бірге, тау-кен өнеркәсібі, химия және энергетика өнеркәсәбі, тоқымашылық, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, электроника, ақпарат технологиялары сияқты экономикалыі салалары біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ең болашағы зор бағыт ретінде белгілеп алды. Қосылған құны жоғары өнім өндіру және үшінші елдерге экспорттау бойынша біріккен кәсіпорындар құруда үлкен мүмкіндіктер бар екені айтылды.

    Екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты жандандырудың маңыздылығы, барлық біріккен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттік кеңселердің жан-жақты қолдап-қуаттауға дайындығы атап өтілді.

    Шара барысында жаһандық бәсекелестік, жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, бизнес-ортаны дамыту, инновацияларды ынталандыру, стратегиялық болжау, жекешелендіру және қаржылық-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша жеке сессиялар өткізілді.

    Бизнес-форум Өзбекстан мен АҚШ министрліктері, кеңселері, сала бірлестіктері мен жетекші компаниялары басшыларының «G2B» және «B2B» форматындағы кездесулерімен жалғасты. Қатысушылар бірлескен кәсіпорындар құру және өзара тиімді сауда келісімдерін жасау мәселелерін жан-жақты талқылалды.

    Шара соңында энергетика, машина жасау, АКТ, ауыл шаруашылығы, қаржылық-техникалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, медициналық және фармацевтикалық өнімдерді өндіру салаларында 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates