Бавария Премьер-министріне Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шынайы сәлемі мен ізгі тілектері жеткізілді.

Бавария Премьер-министрі Маркус  Зёдер Президент Шавкат Мирзияев басшылығында Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар мен өзгерістерді қолдап-қуаттайтынын, сондай-ақ жоғары бағалайтынын білдірді.

Кездесуде тараптар мемлекетіміз басшысының Германия Федеративті Республикасына, әсіресе, Баварияға сапары қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді дәйекті жүзеге асыру, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Бейнеконференцияда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, Өзбекстан экономикасының түрлі тармақтарында озық неміс технологияларын одан әрі кеңінен енгізу, Германия компанияларымен елімізде жоғары технологиялық кәсіпорындар ашу, әлеуметтік-гуманитарлық байланыстардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мюнхенде Өзбекстан — Германия іскерлер кеңесінің кезектегі жиналысын өткізу мәселесі де қаралды.

Германия үкіметіне пандемияға қарсы күресте елімізге көрсеткен жәрдемі үшін ризалық білдірілді.

Мемлекетіміз басшысының Бавария Премьер-министріне өзі үшін қолайлы уақытта Өзбекстанға келуі бойынша ұсынысы жеткізілді.

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің Баспасөз қызметі.