Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық байланыстары талқыланды

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева БҰҰ-ның Өзбекстандағы тұрақты координаторы Сабина Махлмен кездесті.

    Онда Өзбекстан мен БҰҰ ынтымақтастығында жүзеге асырылатын тиімді жобалар мен болашақ жоспарлар, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, адам құқықтарын қамтамасыз ету, гендерлік теңдікке қатысты мәселелер талқыланды.

    Өз кезегінде С.Махл соңғы жылдарда Өзбекстандағы реформаларды, соның ішінде басқа елдерге үлгі болатын ашықтық саясатының арқасындағы жоғары нәтижелерді ерекше атап өтті.

    Сонымен қатар, диалог барысында «16 күндік гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» аясында жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыру, жергілікті Кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу туралы да ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates