Кездесу барысында Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.
Парламентаралық ынтымақтастық, адам құқықтарын қорғау, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар әйел-қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сонымен қатар, Орталық Азия жетекші әйелдер диалогының аймақтық платформасы аясында да кеңейту мәселелері талқылады.
Өзбекстанның GSP+ бағдарламасына қосылуы аясында адам және еңбек құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны, климатты қорғау және тиімді басқаруды қамтамасыз етуге байланысты 27 маңызды халықаралық конвенцияны нәтижелі жүзеге асыру бойынша міндеттемелер талқыланып жатқаны ерекше айтылды. Бұл міндеттемелердің орындауы Еуропа Одағымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және Өзбекстанның халықаралық базарларға интеграциялануына жаңа мүмкіндіктер береді.
Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын талқылай отырып, тараптар тұрақтылық пен үздіксіз дамуды қамтамасыз ету үшін аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған жоспарларды жүзеге асыруда жәнебелсенді диалогтардыжүргізу және бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.